Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне стратегиялық экологиялық бағалау (бұдан әрі - СЭБ) жүргізу мақсатында:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша қаласында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен біріктірілген бас жоспарын әзірлеу (түзету) құжатының әсер ету скринингі бойынша есеп.
Бас жобалаушы: Қазақстандық «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» жобалау-зерттеу институты ЖШС
СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты ЖШС.
СЭБ материалдарына тапсырыс беруші: «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) төменде аталған мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
1. жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
2. Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
3. СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
4. Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың қолданылу кезеңі:
- бастапқы жыл-01.01. 2024 ж.;
- құрылыстың бірінші кезегі-2031 ж.;
- есептік мерзім-2039 ж.;
Ескертпелер мен ұсыныстарды қабылдау бойынша іс-шаралар мерзімі: 2025 жылғы 2 сәуірден 15 сәуірге дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2025 жылғы 15 сәуір)
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі - Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8
Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 701-847-2853; 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83
8 707 617 31 74
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде төменде көрсетілген мекенжайларға жіберуге болады:
- электронды түрде на эл.адрес Экология министрлігі Канцеляриясының электрондық адресіне: k.kense@ecogeo.gov.kz (сіздің құжатыңызды Канцелярияның алғаны туралы +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет);
- на e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;
- «WhatsApp» номері: 8 707 617 31 74
СЭБ бойынша материалдар:
Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі» «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)
Тапсырыс берушінің сайтында.
Қаралым саны: 72











